|
-
ОЗНА – ресейдің көпсалалы ірі компаниясы.
Негізгі қызмет бағыттары: мұнайгаз өнеркәсібі нысандарын жобалау, мұнайгазкәсіптік жабдығын дайындау, кепілді және сервистік қызмет көрсету, инженерлік-құрылыстық ізденістер, мұнай, газ, суды есептеу және мұнайгаз нысандарын автоматтандыру саласындағы инжиниринг.
-
Адамдарды, технологиялар мен шешімдерді біріктіре отырып, құндылықтар жасаймыз және көш бастауға ұмтыламыз.
-
Мұнайгаз компанияларының сенімді серіктесі
«ОЗНА» фирмалық логотипімен шығарылатын өнімдері Ресейдің ірі мұнайгазды аймақтарында пайдаланылады: Ханты-Мансийск және Ямал-Ненец автономды округтары, Иркутск, Томск, Омск, Оренбург, Перм және Самара облыстарында, Башқұртстан, Татарстан, Коми, Удмуртия республикаларында, сондай-ақ шетелде.
-
Қоршаған орта
Табиғи ортаны сақтау, жеткізілетін өнімдердің техникалық параметрлерінің экологиялық стандарттарға сәйкестігі, жаңа ныснадарды жобалау кезіндегі өнеркәсіптік және экологиялық қауіпсіздік – «ОЗНА» компаниясының табиғатты қорғау қызметі саласындағы басымдықтары.
-
Әлеуметтік жауапкершілік
ОЗНА – өзіне алған барлық міндеттерді орындайтын әлеуметтік жауапты компания. Өзінің қайырымдылық қызметінде ОЗНА Ұлы Отан соғысы мен еңбек ардагерлеріне, мүгедектеріне, мектепке дейінгі балалар және білім мекемелеріне, денсаулықсақтау үйымдарына, спорт клубтарына, мәдени-бұқаралық және спорттық іс-шараларға қолдау көрсетуге бағытталған.
|  |